Басты бет » «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК Бас директоры М.Бердіқұлов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (WOAH) ұйымдастырған конференцияда баяндама жасады.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК Бас директоры М.Бердіқұлов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (WOAH) ұйымдастырған конференцияда баяндама жасады.

2023 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Францияның Париж қаласында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы  ұйымы (WOAH) ұйымдастырған «Қауіпсіз әлем үшін ортақ қауіптермен күресу» тақырыбында Төтенше жағдайларды  басқару жөніндегі жаһандық конференция өтті.  Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден астам делегат қатысты.  ҚР АШМ ВБҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК (Әрі қарай- «ВбҰРО» РМК) бас директоры М.А. Бердіқұлов «Covid-19 пандемиясымен күресте Қазақстанның ветеринарлық қызметінің қатысуы» тақырыбында баяндама жасады.  Сонымен қатар конференцияға ҚР АШМ ВБҚК «Республикалық ветеринариялық зертханасы» ШЖҚ РМК (Әрі қарай-«РВЗ» РМК) бас директоры Т.А. Елшібаевта қатысты.

2020 жылы Қазақстанда ветеринарлық зертхана мамандары COVID-19 пандемиясымен күресте өз үлестерін қосты, 70-тен астам маман оқудан өтіп, COVID-19 диагностикалауына қатысты. Сондай-ақ, медициналық қызметке COVID-19 диагностикасы үшін «РВЗ» РМК Қазақстанның 11 ауданында орналасқан 24 ветеринариялық зертханасын (оның ішінде 24 ПТР-жабдық) ұсынды. «ВбҰРО»  РМК-нан ПТР диагностикасына арналған 5 бірлік жабдық ұсынылып,  Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне жіберілді, сонымен қатар арнайы жабдықталған мобильді зертханада 1 мобильдік топ COVID-19 диагностикасын жүргізу үшін ауылдық жерлерге жіберілді. Барлығы 37000-нан астам зерттеулер жүргізілді.      

Қазақстанның ветеринариялық және медициналық қызметтерінің ынтымақтастығының арқасында коронавирустық инфекцияны диагностикалау бүкіл ел аумағы үшін қолжетімді болды, сонымен қатар зерттеу жүргізу көлемін ұлғайтты және зерттеу мерзімдерін жеделдетті. Ветеринариялық және медициналық қызметтер қатынастарын одан әрі дамыту төтенше жағдайлар кезінде жедел іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.