Басты бет » Аккредитация аттестаты және рұқсаттама құжаттары

Аккредитация аттестаты және рұқсаттама құжаттары

“Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” сынақ орталығы (бұдан әрі-ВҰРО СО) Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 “сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар”талаптарына сәйкесе аккредиттелген.

«ВҰРО» СО “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру үшін келесі лицензиялар мен рұқсат құжаттары бар:

Микробиологиялық зертханаларға патогенділіктің I, II, III, IV топтарының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге режимдік комиссияның рұқсаты;

«Өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою» туралы 2015 жылғы 8 қазандағы № 15018033 мемлекеттік лицензиясы;

 «Құрамында радиоактивті заттар бар радиоактивті заттармен, аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» туралы 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 17015590 мемлекеттік лицензиясы;

«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» туралы 2019 жылғы 25 маусымдағы № 19013703 мемлекеттік лицензиясы;

«Прекурсорлармен байланысты қызмет» туралы 2019 жылғы 14 маусымдағы № 19012937 мемлекеттік лицензиясы.

2019 жылы ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы филиалы (бұдан әрі – “ВҰРО” РМК АФ) Алматы қаласы орталық референттік зертханада (бұдан әрі – ОРЗ) орналасқан бөлігінде ISO 9001:2015 МС сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілді және сертификатталды.

 

2020 жылы ” ВҰРО” РМК АФ-да ОРЗ-да орналасқан бөлімінде Global Certifik LLS халықаралық сертификаттау ISO 35001:2019 МС талаптарына сәйкес сәтті сертификатталып, биологиялық тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленіп, енгізілді.