Басты бет » Біз туралы

Біз туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі ветерианриялық бақылау және қадағалау Комитеті «Ветерианрия бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі «ВҰРО» РМК) шаруашылық жүргізу құқығы негізінде мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82  «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері» қаулысына сәйкес трансформация арқылы құрылды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық рефереттік орталық» мемлекеттік мекемесінің Комитеттің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау үшін және беру актісіне сәйкес берілген оның барлық құқықтары мен міндеттерінің заңды мұрагері болып табылады.

Кәсіпорынның құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Үкіметі

Кәсіпорын мүлкіне қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаратын орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – ВБжҚК).