Басты бет » ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІ

ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІ

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті індетті қоздырғыштарының мониторингін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында биологиялық қауіпсіздік жүйесінің негіздерін құру кезіндегі негізгі жолдардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта адам мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу әлемнің көптеген елдері үшін, оның ішінде біздің мемлекет үшін де өзекті проблемаға айналды.

Эпизоотологиялық мониторинг бөлімінің негізгі қызметі:

зерттеу нәтижелері бойынша эпизоотологиялық талдау жүргізу үшін есептер құрастыру және кейінгі жылдарға күтілетін ауруларды болжау;

эпизоотиялық жағдайға географиялық карталарды жасау үшін ArcGis Desktop платформасында географиялық ақпараттық жүйені пайдалану;

ауыл шаруашылығы жануарларынан сынамалар алу үшін ветеринариялық объектілерге шығуды жүзеге асыру;

жабайы фауна арасынан сынамалар алубойынша экспедицияларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

жануарлар ауруларының өршуі бойынша шет елдердің ақпараттық көздеріне мониторинг жүргізу;

халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Россельхознадзор, PubMed CDC және т. б. сияқты ресми дереккөздерден алынған әлемдегі жануарлар аурулары жөніндегі ақпаратты есепке алу.

Ең қауіпті аурулар мезгіл-мезгіл белгілі бір елдерде пайда болады, олардың қоздырғыштары ауру жануардан сау адамға, көбінесе адамға берілуі мүмкін, мысалы, аусыл, күйдіргі, бруцеллез, құтыру және т.б. Бұл инфекциялық ауру қоздырғыштарының үздіксіз берілу мүмкіндігін, жануарлардың жаппай қырылуын және кең аумақтық таралу тенденциясын анықтайды.

Бөлім туралы жалпы мәліметтер және жасақталуы

Функционалдық міндеттерін орындау үшін бөлім Нұр-Сұлтан қаласында 5 бірлік және Алматы қаласындағы филиалда 2 бірлік штат, сонымен қатар мынадай жабдықтармен жасақталған:

Windows платформасындағы дербес компьютерлер мен ноутбуктер;

ArcGis Desktop бағдарламасы, 10.6 нұсқасы;

радиобайланыс құралдары;

геопозициялау құрылғылары;

КАМАЗ а/м базасындағы мобильді зертхана;