«ВҰРО» РМК зертханалық зерттеулерге арналған ең жаңа құралдармен және жабдықтармен жабдықталған:
– ИФТ жүргізу үшін жабдықтар жиынтығы – әртүрлі індеттің қоздырғыштарына антидене мен антигендерді анықтау үшін;
– ПТР жүргізу үшін жабдықтар жиынтығы – індет қоздырғыштарының ДНҚ/РНҚ анықтауға, жем-шөп және тағамдық өнімдерде генетикалық модифицирленген участкілерінің ДНҚ анықтау;
– генетикалық анализатор:
– биоқауіпсіздігі (2 және 3 класс) ламинарлы шкафтар;
– бөліп алынған ДНҚ/РНҚ және микроорганизмдер штаммдарын сақтау үшін -80оС төменгі температурадағы мұздатқыштар;
– полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) және дибензо-р-диоксиндерді (ПХДД) арнайы изомерлі анықтауға мүмкіндік беретін, Thermo Fisher Scientific, DFS жоғары ажыратымдылықты екі фокусты хроматография-масс-спектрометрі;
– 70 көрсеткіш бойынша токсикалық элементтердің бар екеніне зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін ICP/MS 7700, Agilent Technologies плазмамен индуктивті байланысқан масс-спектрометр;
– PowerPrep, FMS сынамаларды дайындаудың автоматтандырылған жүйесі (алу және тазарту);
Сондай ақ зертханалар қосымша құрылғылармен жабдықталған, мысалы биоанализатор, рН өлшегіштер, су ванналары, автоклавтар, автоматты дозаторлар, центрифугалар және т.б.