Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Аймақ: Астана қаласы
Лауазым атауы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары, 1-бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Астана қаласындағы және Алматы филиалындағы жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханаларына, сақталған микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекция зертханасына, Астана қаласындағы және Алматы филиалындағы сынамаларды қабылдау және ақпараттар бөлімдеріне, Астана қаласындағы және Алматы филиалындағы шаруашылық бөлімдеріне, сапа менеджеріне, Алматы филиалының директорына басшылық жасауды және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Қойылатын талаптар:
Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары білім (ветеринария, ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария).
Жұмыс тәжірибесі:
Мамандығы бойынша республикалық немесе облыстық деңгейдегі ветеринариялық зертханаларда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ветеринария саласындағы республикалық немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
– Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» «ҚР сәулет және қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдары;
– Кәсіпорын Жарғысы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
– Қазақстан Республикасының осы қызмет саласын реттейтін өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері.
Ақпараттық базаларды пайдалану мүмкіндігі.
Дербес компьютермен жұмыс істеу дағдылары (пайдаланушы деңгейі, Microsoft Word бағдарламаларын білу, Ехсеl).
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;
- Еңбек қызметін растайтын құжат;
- Түйіндеме;
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Үміткердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.
Сұхбаттасу орны: Астана қаласы, Мәнгілік Ел көшесі, 8, 2-кіреберіс
Сұхбаттасу өткізілетін күн: 29 қыркүйек 2026 жыл
Анықтама алу үшін байланыс: 8/7172/647871
Құжаттарды жіберу (E-mail): kadry-nrcv@yandex.kz
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 7 күнтізбелік күн 2026 жылғы 15 қыркүйектен 21 қыркүйекті қоса алғанда, сағат 17:30-ға дейін.