Басты бет » Мақсаты мен тапсырмалары

Мақсаты мен тапсырмалары

«ВҰРО» ШЖҚ РМК қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында ветеринария саласындағы диагностикалық зерттеулер мен әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Алдыда қойылған мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жануарлар мен құстардың ауруларын балау кезінде референттік зерттеулер жүргізу;

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын зертханалық зерттеу;

3) жабайы жануарлардың ауруларына тұрақты эпизоотиялық мониторинг жүргізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде эпизоотиялық мониторинг мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды атып алу және жою;

5) микроорганизмдердің депондалған штаммдарының Ұлттық колекциясын жүргізу;

6) оларды жарнамалаған кезде тіркеу сынақтары, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын апробациялау, дәрілік заттардың серияларын (партияларын) бақылау, сондай-ақ оның иммунобиологиялық қасиеттерін және эпизоотиялық тиімділігін, олардың жануарлар организіміне кері әсер ету салдарының болмауын анықтау мақсатында мониторинг жүргізу, сондай-ақ оны ветеринариялық практикада қолдану мүмкіндігін белгілеу үшін экологиялық қауіпсіздігі;

7) ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындау және ұйымдастыу кезінде, жануарлардың індетті ауруларын алдын алу, балау және жою әдістеріне, снымен қатар улы немесе радиоактивті заттармен уланудан туындаған жануарлар ауруларын алдын алуға уәкілетті органдардың келісімімен немесе бағыттамалары бойынша кеңес беру;

8) зертханалық зерттеулер үшін арнайы әзірленген ветеринариялық препараттар мен әдістемелік құралдарға  арналған ғылыми-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу;

9) жануарлардың өлуі, аурудың себебін анықтау немесе растау мақсатында, инфекциялық, инвазиялық ауруға немесе улануға күдік туындаған жағдайда, патологиялық материалдарға диагностика, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде сараптама актісін беру;

10) Кәсіпорын құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және қатысу;

11) Кәсіпорын құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және қатысу.

Зерттеу нысаны ауылшаруашылық жануарлары мен құстары, жабайы жануарлар мен жабайы фаунаның түрлері, әртүрлі номенклатуралық бактериялар, антигендер, вакциналар, жануарлардан шыққан тамақ өнімдері, жем, топырақ, су және басқа да ветеринарлық қадағалау объектілері болып табылады.

Зерттеу әдістері – зерттеу барысында эпизоотологиялық, серологиялық, бактериологиялық, молекулалық биологиялық, биохими