Басты бет » СЕРОЛОГИЯ БӨЛІМІ

СЕРОЛОГИЯ БӨЛІМІ

ІАБ зертханасындағы серологиялық реакциялар диагностикалық мақсаттар үшін, инфекция көзін, серотипті, иммундық фонды анықтау және ауыл шаруашылығындағы жануарлар мен құстар арасында, сондай-ақ жабайы фаунада скринингтік зерттеулер жүргізу арқылы эпизоотологиялық жағдайды анықтау үшін қолданылады. Серологиялық реакциялар принципі жануарлар ағзасындағы антиденелер мен антигендердің өзара әрекеттесуіне негізделген.

Бөлім туралы жалпы мәліметтер және жасақталуы

Қолданылатын әдістер:

– Бруцеллез, аусыл, Ньюкасл ауруы, лейкоз, хламидиоз, жылқының ринопневмониясы, инфекциялық ринотрахеит, жылқының инфекциялық анемиясы, құс тұмауы, вирустық диарея, шошқаның африкалық және классикалық обасы, блютанг, паратуберкулез, Шмалленберг ауруы және т. б. сияқты ауруларға антиденелерді немесе антигенді анықтауға иммуноферменттік талдау (ИФТ).;

– Бруцеллезге ИФТ-дан басқа, комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), розбенгал сынамасы (РБС) және иммундық диффузияның о-полисахаридті антигенмен реакциясы (ОПС антигенмен ИД реакциясы) қолданылады;

– Лейкозға ИФТ-дан басқа, иммундық диффузия реакциясы (ИДР), сондай-ақ, лейкоциттік формула бойынша гематологиялық талдау қолданылады;

– Құтырыққа иммунды-хроматографиялық талдау (ИХТ) және иммунолюминесценттік микроскопияның тікелей әдісі (ИМТӘ) диагностикалық антирабиялық флуоресцирлеуші иммуноглобулинді (ДАФИ) қолдану арқылы жүргізіледі.;

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ІАБ зертханалары серологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған барлық қажетті жабдықтармен және аспаптармен, ИФТ-анализатормен, автоматты және жартылай автоматты дозаторламен, су моншаларымен және т. б. жабдықталған.