Ветеринариялық қызметтің тиімділігін бағалау және Қазақстан Республикасында құстардың жоғары патогенді тұмауы мен жануарлардың аусылымен күрес бағдарламасын бақылау шеңберінде, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында қытайлық сарапшылар ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-да болды.
Жұмыс барысындабасшылық қонақтарды кәсіпорынның негізгі қызметімен таныстырды, сонымен қатар, жануарларды аусылға және құстардың жоғары патогенді тұмауына диагностикалау, мониторинг жүргізу әдістері бойынша сұрақтар көтерілді, оларға «ВҰРО» РМК қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.
Айта кетерлік жайт, ветеринариялық қызметті бағалау 2023 жылдың 17-24 желтоқсан аралығындаҚазақстан мен Қытай арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.