Басты бет » ХАБАРЛАНДЫРУ: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы Зертхана көшбасшыларына/басшыларына арналған жаһандық бағдарлама бойынша фасилитаторларды/лекторларды және қатысушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы Зертхана көшбасшыларына/басшыларына арналған жаһандық бағдарлама бойынша фасилитаторларды/лекторларды және қатысушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы Зертхана көшбасшыларына/басшыларына арналған жаһандық бағдарлама бойынша фасилитаторларды/лекторларды және қатысушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.

Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылады.

 

Іріктеуді өткізу күні:

 
  • қатысушылар           –

2023 жылғы  27 ақпан

  • фасилитаторлар        –

2023 жылғы  28 ақпан

 

Қатысушылар мен фасилитаторлар өтінімдерді қабылдау

(1 – қосымшаға сәйкес):              

 

 

 

2023 жылғы 16 ақпанға дейін

 

Өтінімді мына электрондық мекенжайға жіберу:

 

 

D_epid2@npc-ses.kz

 

Байланыс телефондары:          

 

Марифханова Феруза: 8(708)598-35-81

Тулемагамбетова Айдана: 8(707)989-45-75

Бағдарламаның сипаттамасы:

Зертхана денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады және олар ауруларды анықтауда, диагностикалауда, емдеуде және бақылауда маңызды рөл атқарады. Жалпы денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын тұрақты ұлттық зертханалық жүйелерді құру үшін ұзақ мерзімді күш-жігер, сондай-ақ қиын жағдайда зертханаларды басқара алатын және адамдар мен жануарлардың денсаулығын және қоршаған ортаны оңтайлы қорғауға денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде сенімді өзара әрекет ететін желілерді құра алатын осындай зертхана көшбасшылары/басшылары қажет.

Алайда зертхана көшбасшыларының/басшыларының көбінде басшылық және басқару мәселелері бойынша арнайы дайындық жеткіліксіз. Тиімді оқыту үшін бүкіл әлемде зертхана көшбасшылығын және оны басқаруды оқыту бағдарламаларының негізі ретінде қолдануға болатын құзыреттілікке негізделген кешенді оқу бағдарламасы қажет болды.

Бұл үшін жетекші алты ұйым [Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC), Еуропа Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC), АҚШ Қоғамдық денсаулық сақтау зертханалары қауымдастығы (APHL), Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ХЭБ)] адам мен жануарлардың денсаулығына байланысты зертханаларда, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау функциялары бар зертханаларда жұмыс істейтін мамандарға арналған Зертхана көшбасшылары/басшылары үшін жаһандық бағдарламаны (Global Laboratory Leadership Programme, GLLP) бірлесіп әзірледі. GLLP негізі құзыреттілік моделі болады, оның мақсаты – адамдар мен жануарлардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау секторларында және басқа да тиісті бағыттарда қолданылатын зертхананы басқарудың маңызды құзыреттері бойынша жаһандық консенсусты үйлестіру және дамыту.

Бұл бағдарлама тоғыз құзыретке негізделген:

1-құзырет

Зертханалық жүйе

2-құзырет

Көшбасшылық

3-құзырет:

Басқару

4-құзырет

Коммуникация, Құзіреттілік

5-құзырет

Сапа менеджменті жүйесі

6-құзырет

Биоқауіпсіздік және биоқорғаныс

7-құзырет

Аурулардың өршуін эпидқадағалау және тексеру

8-құзырет

Төтенше жағдайларға дайындық

9-құзырет

Ғылыми зерттеулер

 

Бағдарлама екі жылға созылады деп күтіледі: 2023-2024жж., бұл уақытта қатысушылар барлық тоғыз құзыреттіліктен өтеді, сонымен қатар тезис жұмысын жазады.

2022 жылдың тамыз айында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында Қазақстандағы GLLP қатысушыларының алғашқы тобы (когорта) шығарылды.

Қазақстандағы GLLP бағдарламасы ДДСҰ және Орталық Азия елдерінің халықаралық сарапшыларының жоғары бағасын алды.

2023 жылға арналған оқыту ұзақтығы мен форматы:

4 апта (2 аптадан, 2 тренинг) тікелей (күндізгі) оқыту, 5 апта онлайн оқыту, жоба және тапсырмалар тәлімгерлік қолдау кезінде жұмыс орнында (онлайн) болады.

2023 жылғы 17-28 сәуір аралығында – 2 құзыреттілік бойынша тренинг: «Зертханалық жүйелер», «Басқару». Тренинг барысында тезис жұмыстарының тақырыптары бөлінеді. Бұл тренинг Алматы қ., Әуезов к-сі, 84, ҚР ДСМ ҚДСҰО ШЖҚ РМК СЭСжМҒПО филиалында өтеді;

2023 жылғы 12 маусым – 10 шілде аралығында – «ТЖ-ға дайындық» құзыреттілігі бойынша тренинг (онлайн, аптасына 1 рет, күніне 3 сағат);

2023 жылғы 24 шілде – 5 тамыз аралығында – «Сапа менеджменті жүйесі» құзыреттілігі бойынша тренинг. Бұл тренинг Алматы қ., Әуезов к-сі, 84, ҚР ДСМ ҚДСҰО ШЖҚ РМК СЭСжМҒПО филиалында өтеді.

2024 жылға – қалған құзыреттер жоспарланады, тезис жұмыстарын қорғау (кесте 2024 жылдың басында белгілі болады).

Іріктелген курс қатысушыларының күтілетін саны – 15, оның ішінде мына саланың қатысушылары:

  • денсаулық сақтау (9-13 қатысушы: медициналық ұйымдар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының зертханаларынан);
  • ветеринария (3 қатысушыға дейін);
  • экология (3 қатысушыға дейін).

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар.

Денсаулық сақтау, ветеринария және қоршаған ортаны қорғау жүйелерінің өкілдерінен кандидаттар келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Клиникалық зертханалық диагностика» және (немесе) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе ветеринария немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (биология, химия) саласындағы жоғары білім.
  • Зертханадағы жұмыс өтілі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.
  • Денсаулық сақтау/ветеринария/экология ұйымы басшысынан кандидаттың құзыретін растайтын ұсынымдардың болуы.
  • Мемлекеттік немесе орыс тілін практикалық тұрғыдан жақсы білу.

Қатысушыларды іріктеу рәсімі.

Іріктеуге қатысу үшін:

  1. Сапа менеджменті, биоқауіпсіздік және биоқорғаныс мәселелері бойынша тестілеуден өту қажет.
  2. Дұрыс жауаптардың кемінде 70% жинаған қатысушы сұхбаттасуға жіберіледі.
  3. Кандидаттардың құзыреттері мен дағдылары тең болған жағдайда үлкен құзыреттіліктері (жұмыс өтілі, ұсынымдары және т.б.) және үздік дағдылары бар кандидатқа артықшылық беріледі.

Курс фасилитаторларының/менторларының саны:

  1. Олардың ішінде фасилитаторлар:
  • Биоқауіпсіздік және биоқорғаныс саласынан (1);
  • Экология саласынан (1).

GLLP бағдарламасы шеңберінде тәлімгерлердің міндеттері:

  • Қатысушыларды күндізгі оқыту үшін оқу материалын СЭСжМҒПО-мен және ДДСҰ-мен бірлесіп бейімдеу;
  • Қатысушыларға сауалнама жүргізу (өзін-өзі бағалау);
  • Қатысушыларды тестілеу;
  • Күндізгі және онлайн бағдарламаларды оқыту;
  • Бағдарламаға қатысушыға жоба схемасын таңдауда/ құруда практикалық көмек көрсету;
  • Жоба бойынша қолдау көрсету және қатысушының жұмысын бақылау (әр қатысушыға аптасына кемінде 2-4 сағат);
  • Тәлімгерлік функция тұрғысынан оқыту үшін тәлімгерлер тобында ақпарат алмасу (аптасына 1 сағат);
  • Қамқорлыққа алынған қатысушының құзыретін қорытынды бағалау, оның ішінде бастапқы даму мақсаттарын қайта қарау және жеке/ мансаптық жоспарды/іс-қимылдарды қалыптастыру.

Фасилитаторларға/лекторларға қойылатын негізгі талаптар.

Денсаулық сақтау, ветеринария және қоршаған ортаны қорғау жүйелерінің өкілдерінен кандидаттар келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық (ветеринария, биология, химия) бойынша біліктілік беру туралы куәлік, «Клиникалық зертханалық диагностика» және (немесе) «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе ғылыми дәрежесі, немесе тиісті мамандық бойынша жоғары біліктілік санаты.
  • Денсаулық сақтау (медициналық ұйым, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі ұйым) немесе ветеринария ұйымында атқаратын басшы лауазымы.
  • Зертханада жұмыс өтілі: кемінде 10 жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл.
  • Зертханалық іс бойынша халықаралық курстардың дипломнан кейінгі білім сертификаттары болған кезде қосымша артықшылық.

Фасилитаторларды/лекторларды іріктеу рәсімі.

Іріктеуге қатысу үшін:

  1. Сапа менеджменті, биоқауіпсіздік және биоқорғаныск мәселелері бойынша тестілеуден өту қажет.
  2. Дұрыс жауаптардың кемінде 80% жинаған қатысушы сұхбаттасуға жіберіледі.
  3. Кандидаттардың құзыреттері мен дағдылары тең болған жағдайда үлкен құзыреттіліктері (жұмыс өтілі, ұсынымдары және т.б.) және үздік дағдылары бар кандидатқа артықшылық беріледі.

Қосымша: 1 бетте (Өтінім нысаны).

 

Өтінім нысанын толтыру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.