Skip to content
Басты бет » Франция мемлекеті, Ненси қаласында орналасқан Еуропалық референттік құтыру зертханасы ANSES-де FAVN әдісін меңгеру бойынша тағылынамадан өтті

Франция мемлекеті, Ненси қаласында орналасқан Еуропалық референттік құтыру зертханасы ANSES-де FAVN әдісін меңгеру бойынша тағылынамадан өтті

  • by

2026 жылғы 16–27 наурыз аралығында «Ұлттық ветеринариялық референттік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы филиалының қызметкерлері Самарханов С.К., Мусаева Г.К. Францияның Ненси қаласындағы Еуропалық құтыру бойынша референттік зертхана ANSES-де тағылымдамадан өтті.

Оқу курсы Алматы филиалының НРЦВ зертханасында құтыруға қарсы поствакциналық антиденелер титрін флуоресцентті антиденелермен вирус нейтрализациясы реакциясы (FAVN) әдісі арқылы анықтау әдісін енгізу аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды.

Аталған оқу Қазақстанда FAVN әдісін енгізу жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Алдағы уақытта зертхана жағдайында әдісті бейімдеу, сондай-ақ екі жыл бойы зертханааралық салыстырмалы сынақтарға қатысу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ISO/IEC 17025 стандартына сәйкес аккредиттеу саласын кеңейту және зертхана нәтижелерін Еуропалық Одақ тізіліміне енгізу арқылы халықаралық деңгейде мойындату көзделіп отыр.