Басты бет » Астанада ветеринарияның өзекті мәселелері талқыланды

Астанада ветеринарияның өзекті мәселелері талқыланды

Ветеринариялық қызметкер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «ветеринарияның өзекті мәселелері: жай-күйі және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ветеринариялық қызметкер күніне орайластырылған іс-шараға Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Амангалий Бердалин, «Ветеринария туралы» заңды әзірлеу бастауында тұрған ветеринария ардагерлері, ветеринариялық қызмет өкілдері, ғалымдар қатысты.

Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі Қазақстанның ветеринариялық қызметі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оны жақын арада дамыту жоспарлары туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жұмысты жақсартудың және салаға жас мамандарды тартудың, тәжірибелі ветеринарлық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Ветеринария саласындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, процестерді цифрландыру, ветеринарлардың жалақысын арттыру және жүйені реформалау шеңберінде әлеуметтік қолдау шаралары есебінен ветеринарлық манадардың жұмысын оңайлату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың бас директоры Бердіқұлов Мақсат Аманбекұлы жануарлар иелерінің хабардарлығын арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы ветеринариялық қызметке деген сенім деңгейін және оның имиджін, сондай-ақ өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін арттыруға баса назар аудару керек екендігін атап өтті.

Соңында қатысушылар осындай дөңгелек үстелдерді өткізу Қазақстанның ветеринариялық саласын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.