2025 жылғы 16-20 наурыз аралығында Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық (ВБУРО) жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының мамандары Ақмола облысында іссапарлық жұмыс жүргізді.
Іс-шаралар Егіндікөл, Астрахан және Целиноград аудандарының аумағында, сондай-ақ аталған аумақтардағы бірқатар елді мекендерде жүзеге асырылды.
Іссапар барысында ВҰРО мамандары:
- құстардың жоғары патогенді тұмауы (ҚЖПТ) бойынша ағымдағы эпизоотиялық жағдайға бағалау жүргізді;
- жергілікті жерлердегі эпизоотиялық қадағалау жүйесінің жұмысымен танысты;
ветеринариялық мамандар мен халық арасында хабардарлық деңгейі мен әрекет ету тәжірибесін бағалау мақсатында сауалнама жүргізді;
- жабайы фаунаны бақылау, ауру жағдайларын анықтау және ветеринариялық қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша аңшылық шаруашылықтарының өкілдерімен, инспекторлармен және егерьлермен сауалнама жүргізді;
- ҚЖПТ-ның алдын алу, ерте анықтау және әрекет ету мәселелері бойынша нысаналы топтарға ақпарат жеткізді.
Іс-шаралар барысында белсенді және пассивті қадағалауды ұйымдастыру, ауру жағдайларын уақтылы анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іссапар қорытындысы бойынша эпизоотиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу үшін бастапқы деректер жиналды.


