Skip to content
Басты бет » Ақмола облысында құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайды мониторингтеу

Ақмола облысында құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайды мониторингтеу

  • by

2025 жылғы 16-20 наурыз аралығында Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық (ВБУРО) жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының мамандары Ақмола облысында іссапарлық жұмыс жүргізді.

Іс-шаралар Егіндікөл, Астрахан және Целиноград аудандарының аумағында, сондай-ақ аталған аумақтардағы бірқатар елді мекендерде жүзеге асырылды.

Іссапар барысында ВҰРО мамандары:

  • құстардың жоғары патогенді тұмауы (ҚЖПТ) бойынша ағымдағы эпизоотиялық жағдайға бағалау жүргізді;
  • жергілікті жерлердегі эпизоотиялық қадағалау жүйесінің жұмысымен танысты;

ветеринариялық мамандар мен халық арасында хабардарлық деңгейі мен әрекет ету тәжірибесін бағалау мақсатында сауалнама жүргізді;

  • жабайы фаунаны бақылау, ауру жағдайларын анықтау және ветеринариялық қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша аңшылық шаруашылықтарының өкілдерімен, инспекторлармен және егерьлермен сауалнама жүргізді;
  • ҚЖПТ-ның алдын алу, ерте анықтау және әрекет ету мәселелері бойынша нысаналы топтарға ақпарат жеткізді.

Іс-шаралар барысында белсенді және пассивті қадағалауды ұйымдастыру, ауру жағдайларын уақтылы анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іссапар қорытындысы бойынша эпизоотиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу үшін бастапқы деректер жиналды.