Skip to content
Басты бет » 2025 жылдың 1-3 сәуір аралығында Ұсақ күйіс қайыратын малдардың обасына қарсы күрес және оны жою жөнінде жаһандық стратегия (GEP PPR) аясында Қытай, Монголия және Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық жүйелерге арналған семинар өтті.

2025 жылдың 1-3 сәуір аралығында Ұсақ күйіс қайыратын малдардың обасына қарсы күрес және оны жою жөнінде жаһандық стратегия (GEP PPR) аясында Қытай, Монголия және Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық жүйелерге арналған семинар өтті.

  • by

2025 жылдың 1-3 сәуір аралығында Ұсақ күйіс қайыратын малдардың обасына қарсы күрес және оны жою жөнінде жаһандық стратегия  (GEP PPR) аясында Қытай, Монголия және Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық жүйелерге арналған семинар өтті.

Семинарға Қазақстан, Қытай, Монголия, Орталық Азия, Грузия, Ресей елдерінен өкілдер, сондай-ақ мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшылары қатысты.

Семинар барысында ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Талгат Карибаев Қазақстандағы ҰКҚМО-ның эпизоотиялық жағдайы және аурудың таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан ветеринариялық шаралар туралы баяндама жасады.

GEP PPR стратегиясының басты мақсаты – 2030 жылға дейін ҰКҚМО ауруын толық жою, ветеринариялық қызметтерді нығайту және ұсақ күйіс қайыратын малдардың негізгі аса қауіпті ауруларға қарсы иммунитетін күшейту.

Семинар жоспары аясында эпидемиологиялық жүйелік тәсілдерді енгізу және оны жою стратегиялары мен мониторинг жүйесіне интеграциялау ұсынылды. Бұл тәсіл 2014-2017 жылдары Қытай мен Монголияда таралған вирус түрінің Орталық Азияда кездесетін вируспен ұқсастығын ескере отырып, көршілес мемлекеттер арасындағы үйлестіруді жақсартуға бағытталған.

Семинар қатысушылары мен сарапшыларының арасында тәжірибе алмасу, талқылаулар өткізу және желілік өзара әрекеттестікті нығайту үшін тамаша мүмкіндік болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *