
2026 жылдың 17 маусымында «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық қарсыэпизоотиялық отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мекеменің қызметімен, оның құрылымымен, негізгі жұмыс бағыттарымен және елдің эпизоотиялық әл-ауқаты мен ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлімен танысты. Республикалық қарсыэпизоотиялық отряд мамандары атқарылып жатқан профилактикалық және қарсыэпизоотиялық іс-шаралар туралы ақпарат ұсынып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шараларға қатысу ветеринария саласындағы ұйымдар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік ветеринариялық мекемелер қызметі туралы мамандардың ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етеді.
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК ұйымдастырушыларға іс-шараны өткізгені және Республикалық қарсыэпизоотиялық отрядтың жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
