Басты бет » «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Бердіқұлов тамақ қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету бойынша бірлескен күш салу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Бердіқұлов тамақ қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету бойынша бірлескен күш салу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

2022 жылдың 6 – 8 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында тұтынушылардың құқықтарын және адамның хал-ахуалын қорғау саласында Федералды қадағалау қызметінің (Роспотребнадзор) қолдауымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) техникалық ықпал етуімен «Азық-түлік қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету жөніндегі бірлескен күш салу» тақырыбында халықаралық конференцияға М.А. Бердіқұлов Европа, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан өкілдерімен бірге қатысты.
Конференция аясында қатысушылар тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады, сондай-ақ басқа елдердің сәтті тәжірибесі мен ұсынымдарын қарастырды.
Айта кету керек, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі адамға және болашақ ұрпаққа зиянды әсер етуге жол берілмейтін тәуекелдің жоқтығын көрсетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.