Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының келісімінен, Кәсіпорын бас директорының бұйрығымен «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ның Алматы филиалының директоры болып Қалқабаев Қанат Әбдібекұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжыммен таныстыру мақсатында, Кәсіпорынның бас директоры Бердіқұлов Мақсат Аманбекұлы Алматы қаласына іс-сапармен келді. Сапар барысында М. Бердіқұлов Алматы филиалында жиын өткізіп, жаңа тағайындалған филиал директорын ұжымға таныстырды.
Анықтама:
1998 жылы Алматы зооветеринарлық институтын (ҚазҰАУ) ветеринария факультетін, ветеринария мамандығын бітірген.
2000 жылы Алматы Индустриалды-экономикалық колледжі, факультеті: бухгалтер және аудит, мамандығы: бухгалтер экономист.
1994-1996жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы “Қазақстан” совхозының ветеринар дәрігері
1996-1998жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы “Қазақстан” совхозының бас ветеринар дәрігері.
1998-2002жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы “Қазақстан” совхозының мал шаруашылығы кешенінің меңгерушісі.
2002-2003жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы “Қазақстан” ауылының лицензияланған ветеринар дәрігері.
2006-2008жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
2008-2009жж:Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппараты әкімінің орынбасары.
2009-2011жж: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының “ветеринария бөлімі” ММ бастығы.
2011-2012жж: “ветеринария бөлімі” қайта ұйымдастырылғаннан кейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының “ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” ММ сектор меңгерушісі.
2012-2015жж: “ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” қайта ұйымдастырылғаннан кейін ҚР АШМ ВБҚК Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы .
2015-2019жж: ҚР АШМ Еңбекшіқазақ ауданының ВБҚК қайта ұйымдастырылғаннан кейін “Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі” ММ бас маманы
2019-2022 ҚР АШМ Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының ВБҚК бас маманы.