Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлерінің, аумақтық инспекциялардың басшыларының, әкімдіктердің ветеринария басқармаларының басшыларының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының-«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК және «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ»РММ қатысуымен ZOOM – кеңесі өтті. Бұл іс – шара Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті талқылау үшін вице-министр Амангалий Бердалиннің төрағалығымен өтті.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Б. Абызбаев маңызды мәселелердің бірі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі екенін атап өтті. «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК деректері бойынша ағымдағы жылдың 8 айында республика бойынша жоспардың орындалуы 26 639 зерттеуді немесе 60% құрады, бұл ретте 2023 жылға азық-түлік қауіпсіздігіне арналған өнімдерді мониторингтік зерттеу жоспарына сәйкес 39 963 зерттеу жүргізу көзделген.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы вице – министрі А.Бердалин жануарлардың эпизоотиялық жағдайы, аса қауіпті аурулары бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтіп және өңірлерде бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК басшысы референттік зертхананың жұмысын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.