Skip to content
Басты бет » Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық мамандары Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ДЖДСҰ) Қырғызстандағы семинарына қатысты.

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық мамандары Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ДЖДСҰ) Қырғызстандағы семинарына қатысты.

  • by

Ұлттық ветеринариялық референттік орталығының мамандары Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының  ресми мәртебесін тану рәсімдеріне арналған аймақтық оқыту семинарына қатысты. Іс-шара 2025 жылғы 25-27 ақпан аралығында Қырғыз Республикасының, Шолпан-Ата қаласында өтті және ДЖДҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесі ұйымдастырды.

Семинарға ВБРО атынан Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Т. Карибаев, Жұқпалы ауруларды диагностикалу зертханасының Алматы қаласындағы филиалы меңгерушісі С. Сулейменов және эпизоотиялық мониторинг бөлімінің маманы К. Ишжанов қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей ветеринариялық ұйымдарының өкілдері мен ДЖДҰ сарапшылары қатысты.

Семинар барысында елдердің сақтандырылған аймақ мәртебесін алу рәсімдері, сондай-ақ аусыл және ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы (ҰКЖО) бойынша ресми бағдарламаларды бекіту мәселелері қаралды.

Семинарға қатысушылар әртүрлі елдердің аусылдан еркін аймақ құру және вакцинация қолдану тәжірибесімен бөлісті. 

ВБРО мамандарының семинарға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және аса қауіпті жануарлар ауруларын ветеринариялық бақылау мен мониторингті одан әрі жетілдіруге қажетті маңызды ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *