Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңының 27-бабына сәйкес 2026 жылғы 28 мамырда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде «Қайта аккредиттеу туралы куәлік» алды. Бұл мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың конкурстарына, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуға құқық береді.