Басты бет » Үздіктерге құрмет: АШМ басшысы Түркістан облысының озық фермерлерін марапаттады

Үздіктерге құрмет: АШМ басшысы Түркістан облысының озық фермерлерін марапаттады

АШМ басшысы  Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығының күрделі еңбек жағдайына қарамастан, саланың дамуына елеулі үлес қосып жатқан өңірдің АӨК саласының үздік қызметкерлерін атап өтті. Түркістан облысының бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары медальдар мен төсбелгілерге ие болды.

“Ынтымақ” шаруа қожалығының басшысы Муслим Саргелтаев пен “Ақжол” ЖШС директоры Сабыржан Атаев “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.   

 “Ауыл шаруашылығы үздігі” төсбелгісімен “Болатхан” ШҚ төрағасы Болатхан Бейдиев, “JMJ-Агро” ЖШС директоры Бағлан Мұсабеков, “Яссы-агро” ЖШС басшысы Бауыржан Ибрагим, сондай-ақ “Рамазан агро” ЖШС басшысы Мейірхан Батырбек марапатталды.  

 Ербол Қарашөкеев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан зор үлесі үшін фермерлерге алғыс айтып, бақ-береке мен табыс тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.