
2026 жылғы 8–10 қыркүйек аралығында Астана қаласында ШЖҚ «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының қызметкерлері – зертхана меңгерушісі Карибаев Талгат Болатович және эпизоотолог Туяков Тауфик Сатпекович Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (ИАҚҰ) қолдауымен ұйымдастырған «Орталық Азиядағы ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасын (ҰКЖО) жою жөніндегі өңірлік стратегияны валидациялау және эписистемалар бойынша өңірлік семинарға» қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты эписистемалық тәсілді практикада қолдану, Орталық Азиядағы ҰКЖО-ны жою жөніндегі өңірлік стратегияны талқылау және техникалық валидациялау, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі басым іс-шараларды айқындау болды.
Семинар аясында ҰРО өкілдері Қазақстан Республикасы бойынша баяндама ұсынып, онда ұсақ мал шаруашылығының жай-күйі, жануарларды тасымалдау мен күтіп-бағу ерекшеліктері, жабайы фауна, ҰКЖО бойынша ағымдағы эпизоотиялық жағдай, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан эпизоотиялық мониторинг және аталған инфекцияның алдын алу, қадағалау мен диагностикалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында қатысушылар Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстандағы эпизоотиялық жағдай және ҰКЖО-ны бақылау тәсілдері туралы ақпаратпен танысты. Ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысы мен жабайы фаунаның ҰКЖО қоздырғышының таралуы және айналымының сақталуындағы рөліне, сондай-ақ эписистемалардың шекараларын айқындаудағы эпидемиологиялық қадағалау мен зертханалық диагностиканың маңызына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жұмыс сессиялары шеңберінде ҰКЖО эписистемаларын айқындау және басымдықтарын белгілеу, эпидемиологиялық қадағалау мен зертханалық диагностиканы жетілдіру, вакцинациялау, трансшекаралық үйлестіру және елдер арасындағы ақпарат алмасу мәселелері талқыланды. Қатысушылар сондай-ақ ҰКЖО-ны жою жөніндегі өңірлік стратегияның жобасын, алдағы ұлттық және өңірлік іс-шараларды, ынтымақтастық тетіктерін және 2030 жылға қарай ҰКЖО-ны жою мақсатына қол жеткізу үшін ықтимал әріптестік бағыттарын қарастырды.
https://sungat-zholaman.wfolio.pro/disk/haly-araly-seminar-ptznt0