Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ДЖДСҰ) ветеринариялық қызметтің тиімділігін бағалауды және аусыл мен шошқаның классикалық обасын бақылау бағдарламасын тексеруді аяқтады.
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ДЖДСҰ) сарапшылары Ветеринариялық бақылау объектілерін инспекциялауды аяқтап, өз ұсынымдарын айтты.
Кездесу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Ауыл шаруашылығы Вице – министрі Р.Құрманов пен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаевтың төрағалығымен өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша ДЖДСҰ сарапшылары Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жүргізген жұмысын бағалады, өңірлерге шығу мүмкіндігі мен Қазақстанның ветеринариялық қызметін инспекциялау кезінде ұйымдастырылған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.
Министрлік ДЖДСҰ сарапшылары айтқан ұсынымдар ветеринариялық қызмет жұмысында ескеріліп, қолданылатынын атап өтті.