Басты бет » Мерейтоймен құттықтаймыз!

Мерейтоймен құттықтаймыз!

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Ш. Жақыпбаев “Ауыл шаруашылығы саласының үздігі” төсбелгісін және құттықтау папкасын ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК виварий меңгерушісі Алдажар Жарасұлы Ырымбаевтың 60 жылдығымен құттықтап табыс етті.

А. Ш. Жақыпбаев А. Рымбаевтың ветеринария саласындағы еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, жемісті жұмыс және отбасылық амандық тіледі.

Өз кезегінде ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК ұжымы мен бас директор М.Бердіқұлов А. Рымбаевты мерейтойымен құттықтады.

Рымбаев Алдажар Жарасұлы 1963 жылы 15 сәуірде Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітіріп, «ветеринарлық дәрігер» біліктілігін алды.

Еңбек жолын 1985 жылы Үржар ауданында мал дәрігері болып бастаған.

Ветеринария жүйесінде 36 жылдан астам жұмыс істейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.