Басты бет » Қымбатты әріптестер!

Қымбатты әріптестер!

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК ұжымы Кәсіпорынның қызметкерлері Ахметова Асель Еркинқызы  мен Мусаева Гульжан Қаленқызын Философия докторы  (РhD) ғылыми дәрежәсін  алуымен шын жүректен құттықтайды.

Ахметова Асель Еркинқызы – Болашақ президенттік стипендиясының иегері,  2023 жылы 30 маусымда Глазго университетінде (Ұлыбритания) эпидемиология бағыты бойынша Философия докторы  (РhD) ғылыми дәрежесін қорғады.

Мусаева Гульжан Қаленқызы – 2023 жылы 05 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде докторлық диссертациясын қорғады.

Сіздер – Қазақстанды жаңашылдыққа бастайтын және тың серпілістерге жетелейтін алдыңғы қатарлы қауымның өкілісіздер. Ұжым сіздерге сәттілік, ғылыми және кәсіби қызметтеріңізге шығармашылық тың идеялар мен үлкен мақсаттарға жете берулеріңізді тілейді.

Бүгінгі күнде Кәсіпорында 2 PhD доктор, 6 ғылым кандидаты және 22 ветеринария және биология ғылымдарының магистрі қызмет атқарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.