Басты бет » Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша cеминар

Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша cеминар

2023 жылғы 20-22 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) көмегімен Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша семинар өткізді.

Семинарға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі А.Б.Бердалин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының м.а. Б.К.Абызбаев,Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар  министрлігінің, «QazBioFarm» Ұлттық холдингі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, ВБжҚК облыстық аумақтық инспекциялары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-дан бас директордың орынбасары Руслан НасыровичКуспеков қатысты. Семинар барысында ветеринариялық қызметтің стратегиялық жоспарының мақсаттары, міндеттері, іс-шаралары, индикаторлары мен көрсеткіштері талқыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.