Skip to content
Басты бет » Ғылым жолындағы үлкен жетістік: Қыдырбай Тәжібайұлының жаңа монографиясы

Ғылым жолындағы үлкен жетістік: Қыдырбай Тәжібайұлының жаңа монографиясы

  • by

Құрметті әріптестер!

Жұқпалы ауруларды балау зертханасының бас маманы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Қыдырбай Тәжібайұлы Майхинді «Қой шешегінің профилактикасы және диагностикасы» атты монографиясының жарық көруімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қыдырбай Тәжібайұлы – отандық ветеринария ғылымының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан білікті ғалым, тәжірибелі ұстаз және ғылыми жобалардың жауапты орындаушысы. Оның көпжылдық ғылыми ізденісі мен тәжірибесінің нәтижесі болған бұл еңбек ветеринария ғылымы үшін құнды басылым болып табылады.

Әріптесімізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!