Басты бет » ФАО сарапшылары Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық зертханасына бағалау жүргізді

ФАО сарапшылары Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық зертханасына бағалау жүргізді

Ағымдағы жылдың 11-13 наурыз аралығында «Қазақстандағы «Бірыңғай денсаулық» тәсілін кеңейту, микробқа қарсы препараттар мен зооноздық ауруларға қарсы күрес жөніндегі әлеуеті, OSRO/KAZ/007/USA жобасы» шеңберінде ФАО сарапшылары ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға барды.

Сапардың мақсаты зертхана жұмысын жақсарту үшін күшті жақтары мен басымдықтарын айқындау мақсатында бағалау жүргізу.

«ВҰРО» РМК басшылығымен «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» және «Тамақ өнімдерін талдау» зертханасына бару ұйымдастырылды. Сапар барысында ветеринариялық зертхананың жұмысымен танысты, сондай-ақ зертханалардың жарақтандырудың жоғары деңгейін мен мамандардың біліктілік деңгейін атап өтті.

ФАО сарапшылары айтқан ұсынымдар ескеріліп, «ВҰРО» РМК жұмысында қолданылатын болады.

Бұл бағалау зертханалардың жұмысын жақсартуға және Қазақстандағы ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.