Басты бет » Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары “ВҰРО” РМК-да болды

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары “ВҰРО” РМК-да болды

Қазақстан Республикасының Ветеринариялық қызметінің тиімділігін бағалау және шошқалардың классикалық обасы мен жануарлардың аусылына қарсы күрес бағдарламаларын бақылау шеңберінде ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары (WOAH)  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК-на келді.

“ВҰРО” РМК басшылығы Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша презентация жасады және Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасын көруді ұйымдастырды. Жұмыс  барысында аусылға және шошқаның классикалық обасына сезімтал жануарларды диагностикалау әдістері бойынша және мониторинг жасау туралы сұрақтар көтерілді, оларға “ВҰРО” РМК қызметкерлері толық көлемде нақты жауаптар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.