ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» қызметкерлері Астанада өткен үш күндік семинарға қатысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының, ФАО және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері салалық өзара іс-қимыл тәжірибесімен және жануарлардан жұғатын аурулардың пайда болуы мен таралу қаупін бағалау бойынша жұмыс алгоритмдерімен бөлісті. Бұл тәжірибе Еуропа елдерінде бірнеше эпидемия мен Covid-19 пандемиясының қорытындысы бойынша жинақталған. Сонымен қатар, ҚР АШМ өкілдерінен басқа Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандары шақырылды.