Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зардаптылығы I немесе II топтарының патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істейтін барлық ұйымдарда осындай агенттермен жұмыс істейтін білікті мамандар болуы қажет. ҚР АШМ КВКиН «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК басшылығы әрқашан биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өз қызметкерлерінің биоқауіпсіздік саласындағы біліктілігін арттыруға баса назар аударып отырады.
2024 жылдың 1 сәуірі мен 14 маусымы аралығында «ВҰРО» ШЖҚ РМК Алматы филиалының төрт қызметкері «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК базасында «Патогенділігі II топтағы инфекциялық аурулардың биоқауіпсіздігі, эпидемиологиясы және микробиологиясы» тақырыбы бойынша сертификаттау курсынан сәтті өтті.
«ВҰРО» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлер сапы ветеринария саласында биологиялық қауіпсіздікті және жануарлардың денсаулығына қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандармен толықтырылды. Бұл жануарлардың саулығын қамтамасыз ету және ветеринарлық қызметтердің қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды қадам болып отыр.