Басты бет » Ауыл шаруашылығы министрлігі жылды қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспарларды белгіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі жылды қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспарларды белгіледі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда 2023 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2024 жылға арналған жоспарлар белгіленді.

Алқа отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Бас директоры М. Бердіқұлов қатысты.

2023 жылы республика аумағында 19 ауру бойынша 235 қолайсыз пункт тіркелген. Қолайсыз пункттердің ең көп саны 6 облыста анықталған немесе жалпы ошақтардың 55,7% -ын құрайды (Қостанай облысында – 30, Жамбыл облысында – 21, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында 20-дан).

Қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда ошақтардың тіркелу көрсеткіші 41,2% -ға төмендеген динамикасы байқалады (2021 жылы – 400, 2022 жылы – 346 және 2023 жылы – 235). Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында республиканың ветеринариялық қызметі жоспарлы ветеринариялық – профилактикалық іс-шараларды (уақтылы диагностикалау және вакцинациялау) жүргізуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.