Басты бет » Англия мен Венгриядан келген сарапшылар ветеринарларға тәжірибеліктренинг өткізді

Англия мен Венгриядан келген сарапшылар ветеринарларға тәжірибелік
тренинг өткізді

Ағымдағы жылдың сәуір айының 8-і мен 12-сі аралығында Алматы қаласында «Зооноздық аурулардың, сібір жарасының және аусыл ауруының ошақтарын зерттеу» бойынша өткізілген тәжірибелік тренингке РМК ШЖҚ «ВБҰРО» эпизоотиялық мониторинг бөлімінің бас маманы Ишжанов Қуаныш Талғатұлы және «Жұқпалы аурулар диагностикасы» зертханасының меңгерушісі Сүлейменов Серік Төлепбергенұлы қатысты.

Халықаралық ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) Англия мен Венгриядан келген сарапшылары аса қауіпті зооноздық аурулардың ошақтарына тиімді және жедел әрекет ету тәжірибесімен бөлісті. Мал дәрігерлері індет ошағында қалай әрекет ету керектігін, дезинфекция және биоқауіпсіздік ережелерін сақтауды, қауіп-қатер шараларын әзірлеуді, аурулардың себептерін зерттеуді және таралу көздерін анықтауды нақты түрде көрсетті.

Осылайша, ФАО сарапшылары: Ұлыбритания мен Австралияда жұмыс істеген және аусыл сияқты қауіпті вирустық ауруды зерттеуге маманданған британдық ветеринар Дэвид Патон, сондай-ақ трансшекаралық жануарлар аурулары және төтенше жағдайларға дайындық бойынша жобаларды қолдау бойынша ФАО-ның Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық бюросының кеңесшісі, венгр ветеринары Марк Ховари қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шетелдік сарапшылар ауруды ерте кезеңде анықтау үшін қандай клиникалық белгілердің маңыздылығын, індетті және оның себептерін анықтау үшін фермерлер арасында сауалнама жүргізу жолдары туралы тәжрибелерімен бөлісті. Байсерке-Агро ЖШС аумағында ауру туындаған жерге кіру алдында ветеринарлық мамандар жеке қорғаныш құралдарын сауатты қолдануға және қоздырғыштың таралу жолын анықтауға бағытталған оқу жаттығу өткізілді. Сонымен қатар, аурудың таралуында адам факторы үлкен рөл атқаратындығын, сондықтан инфекцияның кең таралуына ауру жануарлармен жұмыс істеген мамандар да себепкер болуы мүмкін – деп атап өтті Дэвид Патон.

Тренингтерді ФАО-ның Қазақстандағы байланыс және серіктестік кеңсесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандағы «Бірыңғай денсаулық» тәсілін нығайту және оның микробқа қарсы тұрақтылық (АМР) және зооноздық аурулармен күресудегі әлеуеті» жобасы аясында ұйымдастырғанын атап өткен жөн. Жоба Қазақстан Республикасына ветеринариялық қызметті нығайтуға, жануарлар мен халықтың денсаулығына төнетін қатерлердің алдын алу, оларды ерте анықтау және әрекет ету әлеуетін арттыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.