Басты бет » Ағымдағы жылдың 5-16 маусымы аралығында «ВҰРО» РМК қызметкерлерін аттестатциялау өткізілді

Ағымдағы жылдың 5-16 маусымы аралығында «ВҰРО» РМК қызметкерлерін аттестатциялау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) тарапынан жұмыс беруші мен кәсіпорын қызметкерлері арасындағы ұжымдық шартқа сәйкес кәсіптік және біліктілік даярлығының деңгейін,  қызметкерлердің құзыретінің атқаратын лауазым талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында ағымдағы жылдың 5-16 маусым аралығында кәсіпорын қызметкерлерін аттестатциялау өткізілді.

Аттестатция комиссиясы келесі бағыттар бойынша бағалауды жүргізді: инфекциялық ауруларды диагностикалау, тамақ өнімдерін талдау, сынамаларды қабылдау және ақпараттар, тіркеу сынақтары, ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларының сапасын байқаудан өткізу және бақылау, сондай-ақ микроорганизмдердің депондалған штаммдарының Ұлттық коллекциясын жүргізу.

Аттестаттау қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметкерлері өздерінің жоғары біліктілігі мен кәсібилігін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.