Басты бет » Ағымдағы жылдың 24 мамырында ҚР АШМ ВБжҚК “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директордың орынбасары…

Ағымдағы жылдың 24 мамырында ҚР АШМ ВБжҚК “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директордың орынбасары…

Ағымдағы жылдың 24 мамырында ҚР АШМ ВБжҚК “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директордың орынбасары Куспеков Руслан Насырович және “Жұқпалы ауруларды диагностикалау” зертханасының меңгерушісі Карибаев Талгат Болатович, Қазақстан Республикасында зооноздық аурулардың алдын алу, бақылау және межсекторлық алдын алу процедураларын ұсыну және талқылау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұйымдастырған кеңеске қатысты.  

2018 жылы Ұлттық семинарды өткізу және Халықаралық медициналық-санитарлық ережелер мен ветеринарлық қызметтердің көрсеткіштері (HCBC) арасындағы байланысты орнату аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) өкілдері, Қазақстан Республикасында биологиялық қауіп қатерлерді (зооноздық ауруларды) бақылау шаралары бойынша стандартты операциялық процедураларды (СОП) әзірлеу қажеттігін атап өтті. Бұл іс-шараның қажеттілігі 2021 жылы (HCBC) нәтижелерін зерттеу бойынша пилоттық межсекторлық жобаны жұргізу барысында расталды және жаңартылды. Бұдан әрі, 2023 жылы 16 мамырда сектораралық жұмыс кеңесі кезінде, Бірыңғай Денсаулық аясында кеңес қатысушылары 2023-2024 жылдарға арналған сектораралық СОП жұмысын бастағанын анықтады.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың наурыз айында ДДҰ өзінің ұлттық әріптестерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында зооноздық аурулардың мониторингі, бақылауы және алдын алу бойынша сектораралық СОП әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Тиімді сектораралық ынтымақтастық пен бірлескен жұмысты қамтамасыз ету үшін ҚР ДСМ, ҚР АШМ және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бейінді мамандарын қамтитын техникалық топ құрылды.

Мақсаты:

Барлық мүдделі тараптарға әзірленген сектораралық зооноздық аурулардың алдын алу, бақылау және таралуын болдырмау бойынша СОП-ның алғашқы оқылымын ұсыну және өткізу, сондай-ақ олардың мазмұны мен қолдану аясын талқылау.

Міндеттер:

Кеңестің міндеттері:

  • Барлық мүдделі секторлар өкілдерінің қатысуымен әзірленген СОП мазмұны мен қолдану аясын талқылау.
  • Барлық мүдделі тараптардан СОП-ты болашақта ескеуге кері байланыс пен пікірлер алу.
  • СОП-ны іске асырудағы әрбір сектордың рөлі мен жауапкершілігін айқындау және тиімді сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
  • СОП-ны табысты іске асыру үшін әртүрлі ведомстволар арасындағы қажетті ресурстар мен ынтымақтастық тетіктерін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
  • Зооноздық аурулар жағдайындағы өзгерістерге жедел ден қою үшін мониторинг және кері байланыс мәселелерін қарастыру.
  • СОП-ны табысты іске асыру және “Бірыңғай денсаулық” қағидатын қолдану үшін кадрларды оқыту және келешек қадамдарды жоспарлау мәселелерін талқылау.

 

Қазақстан Республикасында зооноздық ауруларды мониторингілеу, бақылау және алдын алу жөніндегі сектораралық СОП әзірлеу нәтижесі денсаулық сақтау және ветеринария секторлары арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін нақты және бірыңғай әдістер мен рәсімдерді белгілеу болады деп болжанады. Бұл зооноздық аурулардың қауіптеріне тиімді жауап беруге, олардың пайда болуын ерте анықтау және әрекет ету жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ зооноздық аурулармен күресте ресурстар мен күштерді пайдалануды оңтайландыруға көмектеседі. Нәтижесінде, әзірленген Стандартты операциялық процедуралар Қазақстан Республикасында адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғай отырып, зооноздардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.