Skip to content
Басты бет » 10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні

10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні

  • by

Ветеринария – мыңдаған жылдық тарихы бар, қоғам үшін маңызы зор сала. Ежелгі дәуірден бастау алған бұл мамандық бүгінде мал денсаулығын сақтауда ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жұқпалы аурулардың алдын алуда және еліміздің биологиялық қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасында ветеринария саласының құқықтық негізі 2002 жылғы 10 шілдеде қабылданған «Ветеринария туралы» Заңмен қаланды. Ал 2024 жылдан бастап бұл күн ресми түрде Ветеринариялық қызметкер күні ретінде аталып өтеді.

Бүгінде Қазақстанның ветеринария саласы ардагер мамандардың мол тәжірибесі мен жас буынның кәсіби білімі тоғысқан, заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан маңызды салаға айналды. Ветеринария қызметкерлерінің күнделікті еңбегі еліміздің эпизоотиялық тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз етудің берік негізі болып табылады.

Кәсіби мереке қарсаңында ветеринария саласының барлық қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге жаңа белестер тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы.