
Құстар тұмауы мен Ньюкасл ауруын диагностикалау бойынша халықаралық салыстырмалы сынақтарға ВҰРО-нық «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасы құстар тұмауы мен Ньюкасл ауруын серологиялық және молекулалық-биологиялық әдістермен диагностикалау бойынша халықаралық салыстырмалы сынақтарға (ХСС) қатысты.
Сынақтар барысында зертханалық диагностиканың заманауи әдістері, оның ішінде иммуноферменттік талдау (ИФТ), гемагглютинацияны тежеу реакциясы (ГТР) және полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) қолданылды. Халықаралық салыстырмалы сынақтардың ұйымдастырушысы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен Италияның Терамо қаласындағы Эксперименттік зоопрофилактика институты болып табылады (Istituto Zooprofilattico Sperimentale, IZS).
Қорытынды есепке сәйкес, ВҰРО зертханасы қолданылған барлық әдістер мен сынақ хаттамалары бойынша алынған нәтижелердің күтілетін мәндермен сәйкестігін көрсетті. Бұл көрсеткіштер зертхананың жоғары техникалық жарақтандырылғанын, мамандардың кәсіби құзыреттілігін және ВҰРО қызметінің құстар тұмауы мен Ньюкасл ауруын зертханалық диагностикалау саласындағы халықаралық талаптарға толық сәйкес келетінін растайды.