Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық (ВҰРО) Италияның бруцеллез бойынша ұлттық референс-зертханасынан (IZSAM, Терамо қ.) БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен бруцеллез бойынша 2025 жылғы Халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарды (ХЛС) сәтті өткендігін растайтын ресми сертификаттар алды.
Астана қаласындағы ВҰРО және Алматы филиалының «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының мамандары қолданылған диагностика әдістерінің барлығы бойынша нәтижелердің эталондық мәндермен 100% сәйкестігін көрсетті:
- серологиялық әдістер: иммуноферменттік талдау (ИФТ), роз-бенгал сынамасы (РБС), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР);
- молекулярлық-биологиялық әдіс: нақты уақыт режиміндегі полимеразды тізбекті реакция (ПТР-НУ) – екі үлгі панелі бойынша.
Алынған сертификаттар зертханалардың жоғары техникалық жарақтандырылғанын, мамандардың кәсіби құзыреттілігін және зертханалық диагностика саласындағы халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестігін ресми түрде халықаралық деңгейде растайды. ФАО қолдауымен өткізілетін осындай сынақтарға қатысу – бұл тек сапаны тексеру ғана емес, сонымен қатар ВҰРО зертханаларының жұмыс сапасының үнемі жоғары деңгейде сақталатынының кепілі.


