2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде онлайн режимде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарына арналған «Бруцеллез бойынша ДЖДҰ стандарттары мен ұсынымдары. Таралу үрдістері, күресу шаралары, диагностика және алдын алу мәселелері» тақырыбында бірлескен онлайн семинар өтті.
Жұмыс кездесуіне ЕАЭО және ДЖДҰ өкілдері, сондай-ақ ҚР АШМ ВБжҚК қатысты.
«ВҰРО» -дан жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Т. Карибаев «Қазақстан Республикасында жануарлар бруцеллезін бақылау жүйесі» тақырыбында презентациялық баяндама жасап қатысты.
Семинар бағдарламасы келесі баяндамалардан құралды :

| Баяндама тақырыбы | Баяндамашы |
| ДЖДҰ нұсқаулықтары мен стандарттары | Доктор Василий Басиладзе, аға кеңесші, Еуропа бойынша ДЖДҰ Аймақтық өкілдігі |
| Таралу тенденциялары, диагностикалық тәсілдер, бақылау және алдын алу шаралары. | Доктор Фабрицио де Массис, ДЖДҰ (WOAH) сарапшысы, бруцеллез бойынша ұлттық Анықтама орталығы, IZS Терамо |
| Ресей Федерациясында жануарлардың бруцеллезін бақылау жүйесін жетілдіру | Доктор Олег Скляров, ФМБУ “ЖДҚБМҒЗИ” ғылыми-технологиялық зертханасының бас ғылыми қызметкері |
| Америка Құрама Штаттарында бруцеллезді бақылау және жою | Доктор Майкл Дж. Гилсдорф пен Миладин Костович – тәуелсіз сарапшылар |
| Ел тәжірибесі / сәтті мысал: Испаниядағы ауруды жою | Доктор Хосе Луис Саес Ллоренте, Испанияның бас ветеринарының орынбасары |
| Диагностика мен вакцинациядағы практикалық тәжірибе. Ел тәжірибесі: Босния және Герцеговина | Доктор Саша Бошкович, Босния мен Герцеговинаның бас ветеринары |
| Бруцеллезді бақылаудың ұлттық контексті: вакцинациясыз стратегия және аурудан бостандық мәртебесіне қол жеткізу және қолдау үшін ұзақ мерзімді қадағалау тәсілі | Доктор Мевлида Храпович, жануарлардың денсаулығын сақтау, олардың әл-ауқатын қорғау және жануарларды сәйкестендіру және тіркеу бөлімінің бастығы, Черногорияның азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық және фитосанитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы |
| ЕАЭО елдерінен бруцеллез бойынша жағдайға шолу және осы аурумен күресу/алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар. | ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер/ • Армения • Беларусь • Қазақстан • Қырғызстан • Ресей |