2025 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласында пандемияға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі алғашқы Ұлттық үйлестіру кеңесі өтті. Бұл шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған «Орталық Азияда “Бір денсаулық” қағидаты негізінде пандемияға дайындық және әрекет ету шаралары» жобасы аясында өтті. Кеңес барысында пандемиялардың алдын алу, эпидбақылауды күшейту, зертханалық мүмкіндіктерді дамыту және саларалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтаносы жиынға бас директор М. Бердікұлов және Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Т. Карибаев кеңеске қатысты.
Мұндай іс-шараларға қатысу тәжірибе алмасуға, жаңа шешімдер табуға және ықтимал қауіптерге дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

