Басты бет » 2024 жылғы 23-25 ​​қаңтар аралығында ҚР АШМ «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК…

2024 жылғы 23-25 ​​қаңтар аралығында ҚР АШМ «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК…

2024 жылғы 23-25 ​​қаңтар аралығында ҚР АШМ «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, «Жұқпалы аурулардың  диагностикасы» зертханасының меңгерушісі Карибаев Талгат Болатович, Алматы қаласы филиалының«Жұқпалы аурулардың диагностикасы» зертханасының бас маманы Момынов Бахытжан Насирадиновичжәне«ВБҰРО» бас директоры Бердикулов Максат Аманбекович(онлайн режимде)Алматы қаласында «Бірегей денсаулық» саласында салааралық еңбек ресурстарын жоспарлау және жұмылдыру бойынша семинарға қатысты. Семинар Қазақстан Республикасының салааралық ұйымдарының, соның ішінде Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зооноздық ауруларға ден қоюға дайындықты ескере отырып, Бірегей денсаулық саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу. Төрт жақты бір денсаулық ынтымақтастығы (ДДҰ, ФАО, ЮНЕП және ХЭБ) сарапшылары қатысатын семинардың нәтижелері бойынша персоналды күшейту, оның ішінде адам ресурстарына қажеттіліктер мен оқыту стратегиялары бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланды. Адам ресурстарын дамытудың егжей-тегжейлі нұсқаларын қамтитын қорытынды есеп Қазақстан Республикасына «Бірегей денсаулық» саласындағы кадрлық ресурстардың тұжырымдамасын әзірлеуге және оларды нығайту мен жетілдіру бойынша келесі қадамдарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Семинарды «Бірегей денсаулық»  үшін болып табылатын төртжақты ынтымақтастық серіктестігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) және Дүниежүзлік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы (ДЖДҰ) ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.