Басты бет » 2023 жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың басымдықтарын белгілеу бойынша семинар өтті.

2023 жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың басымдықтарын белгілеу бойынша семинар өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 2023 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында ұйымдастырған Қазақстан Республикасындағы жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың басымдықтарын анықтауға арналған семинарда, жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханаларының меңгерушілері Астана қаласынан – Карибаев Талғат Болатұлы және Алматы филиалынан – Сүлейменов Серік Төлепбергенұлы «ВБҰРО» ШЖҚ РМК атынан сарапшылары ретінде қатысты.

Жұқпалы ауруларға басымдық беру жұмыстарына отандық мамандардың екі тобы тартылды:

1) Басқарушы комитет. Басымдылықты белгілеу процесін Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және ДДҰ-ның елдегі кеңсесі өкілдерінен тұратын басқарушы комитет үйлестіреді. Комитеттің құрамы мен функциялары реттеледі, ал комитеттің жұмысын төраға үйлестіреді.

2) Сарапшылар тобы. Нәтижелердің қолайлылығын және оларға негізделген әрекеттерді қамтамасыз ету үшін процеске қадағалау және әрекет ету мәселелері бойынша негізгі шешім қабылдаушылар тартылды.

Сарапшылар тобын Басқарушы комитет Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулар бойынша есеп беру, талдау, зерттеу, басқару, алдын алу және бақылау бойынша негізгі субъектілерді анықтағаннан кейін анықталды.

Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларды қадағалауға басымдық беру жұқпалы ауруларды қадағалауды күшейту үшін ұлттық ресурстарға басымдық беруге бағытталған. Алынған басым аурулардың тізбесі қадағалау, ветеринариялық қадағалау, зертханалық мүмкіндіктердегі олқылықтарды анықтауға негіз болады және Қазақстан Республикасында кең таралған 10 ауру бойынша алдын алу және күресу стратегиясын қоса алғанда, іс-шаралар жоспарын одан әрі әзірлеуге ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.