Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі – ДЖДҰ) арасындағы келісім шеңбері аясында және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Жетісу облысында қой мен ешкі арасында күл ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығулар ұйымдастырылды. Симуляциялық тренингке «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-дан С.Сүлейменов қатысты.
Оқу-жаттығу барысында атқарушы қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылының, диагностикалық зерттеулердің, ақпараттандырудың, оқшаулаудың, ошақты жоюдың, жұқпалы аурудың алдын алудың ұйымдастырушылық мәселелері, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдай салдарын жоюға қатысты дайындығын тексеру бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде ветеринариялық қызметтің ДЖДҰ ұсынымдарына сәйкес шешек ошағы пайда болған жағдайда жедел ден қою жөніндегі жұмысқа дайындығы расталды.
Комитет төрағасының орынбасары Байжанов Қайыржан атап өткендей, ветеринарлық қызмет жұмысының тиімділігі – үйлесімді іс-қимылдар, эпизоотиялық жағдайды мұқият бақылау және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу маңыздылыққа ие екендігін атап өтті.