Басты бет » «ВҰРО» РМК-да Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілінің қатысуымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді

«ВҰРО» РМК-да Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілінің қатысуымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді

2024 жылдың 25 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК ұжымы үшін Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілі, Превенция басқармасының аға офицері Г.С. Сагандыкованың қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша құқықтық кешенді оқыту жүргізілді.

Баяндама барысында баяндамашы квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің этикалық Стандарттарының негізгі талаптарын сақталуымен, республикалық және облыстық ауқымдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді ұсынды.

Сондай-ақ, заңнамалық бастамалардан бастап елімізде жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені дамытуға, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде жүргізілетін реформаларға, сонымен қатар, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту жұмыстарын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – шаралар кешені туралы түсіндірді.

Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әзірленіп жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды марапаттаудың сараланған жүйесі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау туралы баяндады, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, депутаттарға, судьяларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық бергені үшін қылмыстық жауапкершілікті баса айтты.

Кешенді құқықтық оқытудың қорытындысы бойынша уәкілетті органның өкілі қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.