Ағымдағы жылдың 6-7 маусымы аралығында ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Бердіқұлов Мақсат Аманбекұлы, Тағам өнімдерін талдау» зертханасының бас мамандары Кривец Виталий Викторович, Өмірзақов Олжас Миратұлы және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің сарапшысы Ергалдинова Жанар Кеңесқызы Грузия Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Осы сапар аясында Тбилисидегі Грузияның мемлекеттік ауыл шаруашылығы зертханасына барды. Сапардың мақсаты – балды және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттау үшін бақылау жоспарларына, сынақ зертханаларына және үшінші елдің өнім өндірушілеріне Еуропалық Одақтың талаптары саласында тәжірибе алмасу болды.
Сапар нәтижесінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту мен ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында меморандумға қол қойылды.