Skip to content
Басты бет » Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың бас директоры Максат Бердікұлов «Құрмет» орденімен марапатталды

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың бас директоры Максат Бердікұлов «Құрмет» орденімен марапатталды

  • by

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Максат Аманбекұлы Бердікұлов жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл марапат – кәсіби қызметке деген адалдықтың, қажырлы еңбектің және Қазақстан Республикасының ветеринария саласын дамытуға қосқан үлестің жоғары бағалануы.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ұжымы Максат Аманбекұлы Бердікұловты лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Құрметті Максат Аманбекұлы!

Сізді «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке, қажыр-қайрат және жауапты қызметіңізге толағай табыс тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, алға қойған мақсаттарыңызға жете беруіңізге тілектеспіз.

Отандық ветеринария саласын дамыту жолындағы бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ұжымның құрметіне бөленіп, ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!

Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ұжымы.