Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ Заңына сәйкес, II патогендік топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринариялық мамандар, оның ішінде зертхана қызметкерлері, осындай агенттермен жұмыс істеуге белгіленген тәртіппен рұқсат алуға тиіс. Осыған байланысты 2026 жылғы 13 шілде мен 2 қазан аралығында Астана қаласындағы ҰРҒО-ның 7 қызметкері «Ветеринариялық зертханалардың мамандарына арналған II патогендік топтағы инфекциялық аурулардың биологиялық қауіпсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» бағдарламасы бойынша кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті.
Оқу бағдарламасының көлемі 21 кредитті (630 сағатты) құрады. Бағдарлама аясында мынадай пәндер қамтылды: биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу; биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, алғашқы көмек көрсету; II патогендік топтағы аса қауіпті инфекциялардың эпизоотологиясы және микробиологиясы; аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы (практикалық сабақтар); дезинфекция ісі; географиялық ақпараттық жүйелер мен технологиялардың негіздері; практикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру.
Оқу курсын сәтті аяқтау нәтижесінде барлық 7 қызметкерге «II патогендік топтағы аса қауіпті инфекциялардың эпизоотологиясы және диагностикасы» мамандануы беріліп, қайта даярлау туралы куәліктер табысталды.
