
2025 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ШЖҚ РМК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» Астана қаласындағы Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасы Бельгияның Брюссель қаласындағы «Sciensano» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға (ХЗСС) қатысты.
Сынақтардың мақсаты каприпоксвирустарды, оның ішінде нодулярлық дерматит, қой мен ешкі шешегі вирустарын анықтау бойынша ПТР әдісімен жүргізілетін молекулалық-биологиялық зерттеулердің сапасын бағалау болды.
«Sciensano» ғылыми-зерттеу институты ұсынған қорытынды есепке сәйкес, Астана қаласындағы ЖАДЗ-ның молекулалық-биологиялық зерттеулер бойынша нәтижелері эталондық көрсеткіштермен толық сәйкес келді (100% сәйкестік). Бұл зертхана мамандарының жоғары кәсіби біліктілігін және қолданылатын молекулалық-биологиялық диагностика әдістерінің дәлдігін растайды.
