Skip to content
Басты бет » «Жукпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының мамандары Каприпокс вирустары бойынша халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтардан өтті.

«Жукпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының мамандары Каприпокс вирустары бойынша халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтардан өтті.

  • by

2025 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-нің Астана және Алматы қаласындағы филиалының, Жұқпалы ауруларды диагностикалу зертханасы  Бельгиядағы (Брюссель) «Sciensano» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық зерттеу салыстыру сынақтарына қатысты.  Зерттеу салыстыру сынақтарының мақсаты – каприпокс вирусына, соның ішінде нодулярлық дерматит, қой-ешкі шешегі ауруларына қарсы антиденелерді анықтау үшін ИФА әдісімен серологиялық және ПТР әдісімен молекулярлық-биологиялық зерттеулер жүргізу.

Sciensano – аусыл және везикулярлық аурулар, шошқа безгегі вирусы, құс тұмауы және басқа да жоғары патогенді бактериялық вирустар (оба, сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез, туляремия) сияқты жануарлардың барлық ауруларына арналған Ұлттық анықтамалық зертхана және нодулярлы дерматитке арналған еуропалық анықтамалық зертхана болып табылады.

«Sciensano» Ғылыми-зерттеу институты ұсынған баяндамаға сәйкес, Астана және Алматы филиалының серологиялық және молекулярлық биологиялық зерттеулері бойынша  нәтижелер толық сәйкес келді (100% сәйкестік), бұл зертхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің жоғарылығын және қолданылатын әдістер мен диагностиканың дәлдігін растайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *